Хабарландыру Қонаев қаласы әкімдігінің «Қонаев су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Хабарландыру

Қонаев қаласы әкімдігінің «Қонаев су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Алматы облысы Қонаев қаласында су тарту нысанының (Жаңа Іле) құрылысы» жұмыс жобасын іске асыру шеңберінде (тапсырыс беруші – «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы No ҚР ДСМ- бұйрығымен бекітілген «Шаруашылық, ауыз су және мәдени-тұрмыстық суды пайдаланудың қауіпсіздік көрсеткіштерінің гигиеналық нормаларында» белгіленген судың сапасын алу үшін суды тазарту технологиясын таңдау мақсатында технологиялық зерттеулер (пилоттық сынақтар) жүргізіледі.



Сынақтарды өткізу кезінде әлеуетті технология жеткізушілері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің 08.12.2014 жылғы No 285 бұйрығымен бекітілген «Суды ультрафильтрациялау технологиясының тәжірибелік сынақтарын жүргізу бойынша әдістемелік нұсқауларда» белгіленген тәртіптерді сақтауы қажет (АГСК-1 қараңыз).



Тестілеудің болжамды мерзімі: 29.08-13.10.2024 ж. Қатысуға өтінімдер тәжірибелік сынақтарды өткізуге жауапты TOO Proekt StroyEnergo және TOO ALATAU SU ENGINEERING жобалау ұйымына жіберілу керек. Қосымша ақпарат алу үшін alatausu@gmail.com электрондық поштасы немесе +7 (702) 222 23 26 телефоны арқылы хабарласыңыз.
Бөлісу :

Жаңа түсініктеме қосу

 Пікіріңіз сәтті жіберілді. Рақмет сізге!   Жаңарту
Қате: әрекетті қайталаңыз