«Қонаев су арнасы» МКҚК нысандарына пресс-тур.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаев «Қонаев су арнасы» мемлекеттік кәсіпорнының нысандарына пресс-турға қатысу үшін жұмыс сапарымен Қонаев қаласына келді.
Пресс-турды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті (ДҚРЭМ) «Қонаев су арнасы» МКҚК бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.
Белгілі болғандай, «Қонаев су арнасы» МКҚК Қонаев қаласын сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін базалық мекеме, сондықтан пресс-турға жұртшылық пен БАҚ өкілдері де қатысты.
Пресс-турға қатысушылар сүзгі стансасы мен кәріздік сорғы станцияларын аралады.
«Қонаев су арнасы» МКҚК директоры Теміралиев Мәди Қырықбайұлы 2022 жылы сүзгі стансасы мен кәріздік сорғы стансаларының жөндеу жұмыстарының орындалу барысы мен 2021 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Қонаев су арнасы» МКҚК өкілі сүзгілеу қондырғыларының жалпы жұмысымен таныстырды, мұнда қатысушылар ауыз суды дайындаудың барлық технологиялық циклдерін өз көздерімен көріп, сонымен қатар No3 кәріздік сорғы станциясында жүргізіліп жатқан қайта құру жұмыстарымен танысты.
Өндірістік процестерді жақсарту мақсатында «Қонаев су арнасы» МКҚК бекітілген тарифтік сметаның аясында инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруда, онда көрсетілетін сумен жабдықтау қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жабдықтарды жаңғырту бойынша бірқатар ауқымды шаралар қарастырылған.
Мәселен, 2021-2022 жылдары 32,7 миллион теңге инвестиция игерілді.
Инвестициялық бағдарламаға трансформаторды, қысымды кәріз секциясын ауыстыру, сондай-ақ желілердің физикалық тозуын және апаттық жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік беретін негізгі құралдарды (электродтық кассеталар, жиілік түрлендіргіші, газ анализаторы, сорғылар, вентильдер) сатып алу шаралары қарастырылған.
Бүгінгі таңда нысан жалпы сомасы 169 436,58 мың теңгені құрайтын 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бесжылдық инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыс істеуде.
Алдағы 2022-2025 жылдарға арналған инвестициялар келесі іс-шараларды қамтиды:
2022 жылы жоспарланған іс-шаралар:
Бөлісу :
Жаңа түсініктеме қосу