Қонаев қаласы әкімдігінің «Қонаев су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы хабарландыру.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2012 жылғы 21 қазандағы № 200 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2012 жылғы 21 қазандағы № 10 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2, 4-тармақтарына сәйкес. 2023 жылғы 9-18 қазан аралығында Қонаев қаласы әкімдігінің «Қонаев су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде;
- ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметте.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ұсыныстарыңыз болса, компанияның қабылдау бөліміне 8-727-72-4-19-48 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады.
Бөлісу :
Жаңа түсініктеме қосу