Келісімшарт жасасу
Жеке тұлғалармен Шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді ұсынуға шарт жасасуға өтінім.
- Жеке куәлік (көшірмесі).
- Жер учаскесіне меншік құқығына акті немесе жылжымайтын мүлік иесі туралы мәліметтер (көшірмесі).
- Сатып алу-сату шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлік.
- Объектіні сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар (ЖТҚ үшін).
- Су өлшегішті қабылдау актісі.
Заңды тұлғалармен Шарт жасасу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
- Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерді ұсынуға шарт жасасуға өтінім.
- Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе дара кәсіпкердің куәлігі (көшірмесі).
- Жеке куәлік (көшірмесі).
- Жер учаскесіне меншік құқығына акті немесе жылжымайтын мүлік иесі туралы мәліметтер (көшірмесі).
- Банк деректемелері.
- Объектіні сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосудың техникалық шарттары.
- Тұтынушы-заңды тұлғамен шарт жасасу кезінде оған мынадай қосымшалар жасалады:
- А) Сорғы мен өрт гидрантының болуын көрсете отырып, екі тарап қол қоятын көрсетілетін қызметті беруші мен тұтынушының пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасының актісі;
- Б) Ауыз су қажеттілігін есептеу;
- В) Су өлшегішті қабылдау актісі.