Техникалық шарттар
Техникалық шарттар Қонаев Су Арнасы
Техникалық шарттарды беру тәртібі
Техникалық шарттарды беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына" сәйкес жүргізіледі.
Осы Қағидалардың 272-тармағына сәйкес: сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру туралы өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) объект иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі - жеке тұлғалар үшін, дара кәсіпкер куәлігінің көшірмесі немесе дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, заңды тұлғалар үшін куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
2) 1: 500 масштабтағы құрылыс учаскесін топографиялық түсіру (барлық жер үсті және жерасты коммуникациялары мен құрылыстарымен);
3) Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін өндірістік тұтыну кезінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін тұтынудың мәлімделетін көлемін негіздейтін материалдар;
4) тұтынушының өндірістік сарқынды суларын тазарту үшін жергілікті тазарту құрылыстарының (жұмыс істеп тұрған объектілер үшін) сипаттамасы;
5) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін өндірістік тұтыну кезінде елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызуға жататын сарқынды сулардың сипаттамасы:
олардың түрлері бойынша өндірістік сарқынды сулардың шығыстарына;
тұрмыстық сарқынды сулардың шығыстарына;
өндірістік сарқынды сулардың ластану құрамы (талдау) жекелеген көрсеткіштер бойынша (физикалық, химиялық, биохимиялық, бактериологиялық, радиоактивті) қазіргі жағдайда және перспективада.
Ескертпе: қажет болған жағдайда құқық белгілейтін құжаттарды ( жерге акт, қаулы, сатып алу-сату шарты және т.б.) қоса беру.
Сондай-ақ, осы Қағидалардың 199-тармағына сәйкес тұтынушылар "электрондық үкіметтің"веб-порталы арқылы мемлекеттік корпорацияға техникалық шарттар алуға өтініш бере алады.
Осы Қағидалардың 205-тармағына сәйкес құрылыс объектілерін табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беруге өтінішті сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау кезінде сәулет және қала құрылысы органы қалыптастырады және оны электрондық нысанда табиғи монополия субъектісіне жібереді.
Пайдаланушы ұйымның өкілі инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттары мен схемасын әзірлейді және өтініш берушіге қажетті келісімдерді алу үшін береді.
- Техникалық шарттарды алғаннан кейін өтініш беруші "Қонаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нен жер жұмыстарын жүргізуге жазбаша рұқсат (Ордер) алуы тиіс, оны ресімдегеннен кейін құбыр салу бойынша жер жұмыстарын жүргізе алады.
- Құбыр құрылысын өтініш беруші өз қаражаты есебінен немесе жұмыстың осы түрін жүргізуге тиісті лицензиясы бар мамандандырылған ұйымды тарта отырып жүзеге асырады. Құрылысы аяқталған құбырлар су пайдаланушының меншігі болып табылады және оған өз күшімен қызмет көрсетіледі.
- Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін өтініш беруші "Қонаев Су Арнасы" МКК-не су құбыры немесе кәріз желісінің теңгерімдік тиесілігін және пайдалану жауапкершілігін ажырату актісін жасау үшін, сондай-ақ су тұтынуды есепке алу аспабын пломбалауға өтінішпен жүгінуі қажет. Кәсіпорынның инженерлік қызметінің өкілі салынған су құбырын (немесе кәрізді) техникалық тексеру үшін өтініш берушінің атына барады. Содан кейін есепке алу құралын пломбалау жүргізіледі және сумен жабдықтау немесе су бұру қызметтерін көрсетуге шарт жасалады.
Келісу не үшін қажет? Көптеген инженерлік коммуникациялар, атап айтқанда электр кабельдері, байланыс кабельдері, жылыту құбырлары жер астына салынған. Су құбырын немесе кәрізді төсеу бойынша жер жұмыстарын жүргізу кезінде бұл коммуникациялар бұзылуы мүмкін, бұл қала тұрғындарын қажетті қызметтермен қамтамасыз етудің бұзылуына әкеп соғады. Инженерлік коммуникацияларды бұзу айтарлықтай мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Өтініш беруші техникалық шарттардың талаптарын орындамаған жағдайда, оған орындау мерзімдерін көрсете отырып, ескертулерді жою туралы нұсқама беріледі. Қайта техникалық тексеру және т. б. жүргізіледі.
203-тармаққа сәйкес табиғи монополия субъектісі техникалық шарттарды беруден бас тартады:
1) реттеліп көрсетілетін қызметтің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті табиғи монополия субъектісі желілерінің бос және қолжетімді қуаттарының, сыйымдылықтарының, орындарының, өткізу қабілеттерінің болмауы;
2) табиғи монополия субъектісі желілерінің немесе реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті өзге де мүліктің болмауы.