Қонаев Су Арнасы Тарихқа сілтеме
- Осымен "Су Арнасы" басқармасы Алматы облыстық коммуналдық шаруашылық бөлімінің 31.08.1972 жылғы № 205 бұйрығы негізінде УВиК(су құбыры және кәріз басқармасы) болып өзгертілгенін растаймыз.
- УВиК (су құбыры және кәріз басқармасы) Қазақ КСР Мырзалкомхозының 17.07.1988 жылғы № 218 бұйрығына сәйкес ППВХХ(су құбыры - кәріз шаруашылығының өндірістік кәсіпорны) болып өзгертілді.
- 06.06.1999 жылғы №54-П заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік негізінде "Водоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып қайта аталды.
- Ауданаралық экономикалық соттың 19.12.2003 жылғы №172/1 шешімі негізінде "Водоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны банкрот деп танылды.
- Алматы облысы әкімдігінің 28.12.2003 жылғы №10 қаулысымен шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қапшағай Су Құбыры" МҚКК(еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны) құрылды.
- Алматы облысы әкімдігінің 29.09.2008 жылғы №180 қаулысымен Қапшағай қаласы әкімдігінің "Қапшағай Су Құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны(еншілес мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны) болып қайта аталды.
- Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 997 қаулысымен Қапшағай қаласы әкімдігінің "Қапшағай Су Құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және Қапшағай қаласы әкімдігінің "Қамқор" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қосылу жолымен 02.07.2018 жылдан бастап Қапшағай қаласы әкімдігінің «Қапшағай Су Арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
- Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 650 қаулысымен Қапшағай қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қапшағай Су Құбыры" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қонаев қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қонаев Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.